«Болашаққа» құжат қабылдау мерзімі белгіленді

16 Ақпан 2013, 15:13

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттарды қабылдау мерзімдері белгіленді.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №35 бұйрығы  2013 жылғы 8 ақпан, Астана қаласы «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және аталған конкурсты өткізудің төмендегі мерзімдері белгіленсін: 1) құжаттар қабылдау - 2013 жылғы 18 ақпан мен 1 қазан аралығы; 2) конкурс өткізу - 2013 жылғы 25 ақпан мен 2014 жылғы 31 қаңтар аралығы. 2. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі бекітілсін. 3. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М.Төлеков): 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі С.Б.Шаяхметовқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы С. ШАЯХМЕТОВ. BAQ.kz

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттарды қабылдау мерзімдері белгіленді. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №35 бұйрығы 

2013 жылғы 8 ақпан, Астана қаласы

«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және аталған конкурсты өткізудің төмендегі мерзімдері белгіленсін:
1) құжаттар қабылдау - 2013 жылғы 18 ақпан мен 1 қазан аралығы;
2) конкурс өткізу - 2013 жылғы 25 ақпан мен 2014 жылғы 31 қаңтар аралығы.
2. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі бекітілсін.
3. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М.Төлеков):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі С.Б.Шаяхметовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы С. ШАЯХМЕТОВ.

BAQ.kz

Бөлісу: