Заң шығару қызметінің Тұғырнамалық жоспары 5-ші шақырылымдағы Парламентпен бірлесе отырып, тез арада әзірленуі тиіс. Бүгін өткен Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов ведомствоға осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Биыл біз 5-ші шақырылымдағы Парламент жұмысының барысында заң шығару ісінің Тұғырнамалық жоспарына сәйкес, Парламент және «Нұр Отан» партиясымен жаңа әріптестік кезеңге өту керекпіз. Бірақ, Тұғырнама әлі дайын емес. Тиісті мемлекеттік органдар кейбір мәселелер бойынша бір пайымға келе алмай отыр. Бұл Тұғырнамалық жоспар Үкімет, Парламент пен «Нұр Отан» партиясының заң шығарудағы бастамаларын біріктіретін болады»,-дей келе С.Ахметов Әділет министрлігіне бұл жұмысқа білек сыбана кірісуді тапсырды.
Кенжекей Тоқтамұрат