8 Қараша 2012, 10:26
соңғы редакциялау
17 қазан 2012
Ғылыми-көпшілік кино — кинематографияның кино мен ғылымның тығыз байланысы негізінде қалыптасқан бір саласы. Жалпы ғыл. кино ғыл.-көпшілік, оқу-ағарту, ғыл.-зерттеу, ғыл.-өндірістік тәрізді төрт бағытта дамуда. ұ.-к. к-ның негізгі міндеті — ғыл. зерттеулер мен жаңалықтарды, ғыл.-тех. прогрестің жетістіктерін насихаттап, жұртшылыққа таныстыру; ғылым мен техника саласындағы ірі табыстар мен соңғы жаңалықтарды, күрделі ғыл. тәжірибелер мен табиғаттың сирек құпия құбылыстарын көрермендерге түсінікті түрде көрсету. Алғашқы ұ.-к. к. туындылары табиғат жөніндегі фильмдер болатын. Оларда биік тауларды, ормандарды мекендеген тайпалар, халықтардың дәстүр-салты, экзотикалық табиғат, шөлдегі тіршілік, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар туралы баяндалды. Мыс., “Этна жанартауының атқымасы” (1909, Франция); “Көбелектер өмірі” (1911, Италия); “Еділ бойымен” (1912, Ресей); “Африканы мылтықпен аралағанда” (1922, АҚШ), т.б. туындылар ұ.-к. к-лардың алғашқы озық үлгілері еді. Микроскопты пайдаланып кино түсіру ұ.-к. к-ның мүмкіншілігін арттырып, адам көзіне көрінбейтін өте ұсақ организмдердің өмірін зерттеу мүмкіндіктеріне қол жеткізді. Француз реж. Ж.Командонның фильмдерінде ақ және қызыл қан түйіршіктері, олардың ауру тудырушы микробтармен күресі көрініс тапты (1920). Орыс реж. В.Н. Лебедевтің “Инфузория” (1912) фильмінде су тамшысындағы ұсақ организмдердің өмірі көрсетілді. ұ.-к. к-да мультипликация 1911 жылдан қолданыла бастады (В.А. Старевич пен Н.В. Баклиннің “Электрлі телеграф”, “Электрмагниттік толқындардың Герц вибраторы арқылы таратылуы” фильмдерінде). Кинематографшылардың физика заңдарын, машиналардың, механизмдердің, адам мен жануарлардың ағзасының жұмыс істеу принциптерін меңгерудегі тәжірибелерді ұ.-к. к-ға пайдалануы оның өрісін кеңейте түсті (В.И. Пудовкин, “Мидың механизмі”, 1925, КСРО). ұ.-к. к. көркемсуретті-жанды және деректі-жансыз кинематографиямен қатар дамыды. 1910 — 20 ж. ұ.-к. к-дағы тақырыптық және жанрлық бағыттар қалыптасып үлгерді. Тірі табиғат туралы фильмдерді біртіндеп актерді қатыстыру талабы байқалған фильмдер ауыстыра бастады. Негізін америкалық реж. Р.Флаэрти (“Солтүстіктен шыққан Нанук”, 1922) салып, В.А. Шнейдер (“Ұлы асу”, 1925, КСРО) жалғастырған, ұ.-к. к. мен деректі фильм арасындағы киносаяхат жанры пайда болды. ұ.-к. к. саласында ғыл.-тех. жетістіктер маңызды орын алды (“Жіп өндіру”, реж. Ж.Гемийон, Франция, 1924); “Қатыстылық теориясы”, 1923, реж. М.Флейшер, АҚШ, т.б.). Астрономия, медицина тақырыбындағы фильмдер (“Күн тұтылуын бақылаудың озық тәжірибелері”, 1925, АҚШ; “ұалам кереметтері”, Германия; “Гипноз және иландыру”, 1923, Германия, т.б.) кең танылды. Осылайша ұ.-к. к-ның тақырыптық және жанрлық мүмкіндіктеріне орай оның мәдени-ағартушылық, ғыл.-ағартушылық, білім беру сияқты негізгі әлеум. қызметтері мен маңызы айқындалды. Қазақстандағы ұ.-к. к. деректі киноның дамуымен байланысты қалыптасты. Қазақстанда табиғат пен жануарлар әлемі туралы алғашқы кинокөріністерді 20 ғ-дың 20-жылдарынан бастап Ресей режиссерлері мен операторлары түсіре бастады. Қазақ халқы туралы “Қазақстан өмірі мен тұрмысы” атты алғашқы ұ.-к. к-ны 1927 ж. реж. В. Карин “Востоккиноның” Алматы бөлімшесінде түсірді. Одан соң “Сен Қазақстанның жануарлар әлемін білесің бе?” (1930), Ертіс бойында тұратын қазақтардың өмірі мен тұрмысы бейнеленген “Алтын жағалаулар” фильмдері түсірілді. 1940 — 50 ж. халық ақындары, домбырашылар, композиторлар туралы “Айтыс” (1943, реж. Б.Пумпянский), “Жамбыл Жабаев” (1940), “Дина” (1947), “Абай даңқы” (реж. О.Әбішев, 1954); пайдалы қазбалар қоры мен түрлі түсті, сирек кездесетін металдар хромит, алтын, молибден өндірісінің даму туралы “Түсті металдар” (1945); ғалымдардың топырақ құнарын арттырудағы еңбектері жөніндегі “Түлеген жер” (реж. О.Әбішев, 1951), “Қазақстандағы көлдетіп суғару” (реж. Х.Дәулетбеков, 1954), “Қазақстанның тың жерлерінде” (реж. Э.Файк, Я.Смирнов, 1955), мал шаруашылығы туралы “Қазақстан даласында” (реж. В.Томберг, 1954), жаңа технологияның қолданылуы туралы “Желдиірмендер” (реж. Г.Кумяльский), т.б. ондаған фильмдер түсірілді. Қазақ кинематографшылары ұ.-к. к-ның барлық дерлік белгілі тақырыптары мен жанрларындағы фильмдерді түсірді. Режиссерлер Әбішевтің (“Тарихпен сұхбат”, 1972; “Көгілдір аралдар”, 1976; “Ертегіші” 1983), А.Машановтың (“Ұлылықпен дидарласу”, 1968; “Ойларды сақтау заңы бойынша”, 1966; “Әл-Фараби”,1970; “Шығыстың Аристотелі”, 1975, т.б.) ұ.-к. к. саласындағы туындылары қазақ киносы тарихының жарқын беттері болып табылады. 20 ғ-дың 70-жылдарынан бастап Қазақстанның сирек флорасы мен фаунасын суреттейтін ұ.-к. к. қарқынды дамыды. В.Белялов пен Л.Мұхамедғалиева түсірген “Қазақстанның жануарлар әлемі” (1971), “Қазақстан таулары мен шөлдерінде”, “Іленің төменгі ағысында”, Жыл маусымдары”, “Жетісу қырғауылы”, “Бүркіттер” (1975), “Ақсу-Жабағылы” (1976), “Тылсым орман”, “Көгілдір көкжиектер керек пе?” (1977), “Жоңғар тритоны” (1978), “Қарақұрт”, “Бүркітші” (1979), “Үстірт. Үстірт муфлоны” (1980), “Мүйізтұмсыққа арналған үй”, “ұажайыптар даласы” (1981), “Бүркіттер” (1991) және т.б. фильмдер ұ.-к. к-дағы құбылыс ретінде бағаланды. Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануарлар өмірі туралы аталмыш фильмдер қазіргі ғы-лым үшін аса құнды туындылар боп табылады. Белялов пен Мұхамедғалиеваның фильмдеріне Қазақстанның Мемл. сыйл. берілді. Э.Ділмұхамедованың “Түркі сына жазуының жұмбағы” (1990), “Құрбандық шалу” (1991), т.б. фильмдерінің негізгі тақырыбы — этномәдени процестер, діннің дамуы, этностардың өзара байланысы. Қазіргі қазақ кинематографшылары дәстүрлі ұ.-к. к. және оқыту-ағартушылық фильмдерін түсірумен қатар, өз жұмыстарында адамзаттың әлемдік тарихы аясындағы Қазақстанның алатын орнының көркемдік-эстетикалық байыпталуы деңгейіне қол жеткізді.
Б. Нөгербек
Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том