Қазақстан Өзбекстаннан басым түсті

10 Ақпан 2013, 07:11

Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева өзбек қыздары - Ақгүл Аманмурадова / Нигина Абдураимова жұбын ұтып, еліміздің командасына Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.  Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанмен кездесуді Ксения Первак бастаған болатын. Ол Абдураимованы 6:0, 6:4 есебімен түзе бүктірді. Келесі матчқа Қазақстанның бірінші нөмірлі ракеткасы Шведова мен өзбектің үздігі Аманмурадова шықты. Текетіреске толы ойында қарсылас айласын асырған еді. Осылайша кездесу тағдыры Астанадағы жұптық ойында шешілетін болды. осы матчта Шведова мен Воскобоева 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. BAQ.kz

Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева өзбек қыздары - Ақгүл Аманмурадова / Нигина Абдураимова жұбын ұтып, еліміздің командасына Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алып берді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанмен кездесуді Ксения Первак бастаған болатын. Ол Абдураимованы 6:0, 6:4 есебімен түзе бүктірді. Келесі матчқа Қазақстанның бірінші нөмірлі ракеткасы Шведова мен өзбектің үздігі Аманмурадова шықты. Текетіреске толы ойында қарсылас айласын асырған еді.

Осылайша кездесу тағдыры Астанадағы жұптық ойында шешілетін болды. осы матчта Шведова мен Воскобоева 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

BAQ.kz

Бөлісу: