Жас пианисттердің байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылады

9 Ақпан 2013, 11:59

Жас пианисттердің бірінші халықаралық “Astana Piano Passion” байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылады. Байқауға түрлі елдердің және Қазақстанның ең шалғай аудандарының балалары қатысады деп күтілуде. Байқаудың талаптары жарияланғаннан кейін әлеуетті қатысушылар ұйымдастыру комитетіне бағдарламаға нақты дайындалып, бейнематериалдарды уақытында жіберу үшін өтінім қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініш жасады. Ұйымдастыру комитеті өтінім қабылдау мерзімін 20 наурызға дейін ұзартуға шешім қабылдады. Бұл іс-шара байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуевтің пікірінше, жас пианистердің байқауға көптеп қатысуына және өз елі мен аймағының намысын абыроймен қорғауына дайындалуға мол мүмкіндік береді. Жас пианистердің “Astana Piano Passion” халықаралық байқауы әлемдік музыка байқауларының барлық шарттарына толық сәйкес келеді. Бағдарламаның күрделілігі осыған байланысты болуда. Дегенмен, талантты балалар дайындықты қазірдің өзінде бастап кетті. Еске салайық, 2013 жылғы 10 қаңтарда Астанада 2013 жылдың 10-ы мен 16 мамыры аралығында өтетін жас пианистердің Бірінші Халықаралық  "Astana Piano Passion" байқауына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Байқаудың ұйымдастырушылары - Астана қаласы әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры. Байқауды өткізу фортепиано өнері саласында жаңа таланттарды тауып, қолдауға, Қазақстанның ұлттық фортепиано мектебі дәстүрін нығайтуға, сондай-ақ, түрлі мемлекеттердің ұлттық мектептері арасында шығармашылық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың пікірінше, классикалық фортепиано музыкасын насихаттау тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзінде өскелең жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің рухани маңызды құрамдас бөлігі болуы қажет. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Жас пианисттердің бірінші халықаралық “Astana Piano Passion” байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылады.

Байқауға түрлі елдердің және Қазақстанның ең шалғай аудандарының балалары қатысады деп күтілуде. Байқаудың талаптары жарияланғаннан кейін әлеуетті қатысушылар ұйымдастыру комитетіне бағдарламаға нақты дайындалып, бейнематериалдарды уақытында жіберу үшін өтінім қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініш жасады.

Ұйымдастыру комитеті өтінім қабылдау мерзімін 20 наурызға дейін ұзартуға шешім қабылдады. Бұл іс-шара байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуевтің пікірінше, жас пианистердің байқауға көптеп қатысуына және өз елі мен аймағының намысын абыроймен қорғауына дайындалуға мол мүмкіндік береді. Жас пианистердің “Astana Piano Passion” халықаралық байқауы әлемдік музыка байқауларының барлық шарттарына толық сәйкес келеді. Бағдарламаның күрделілігі осыған байланысты болуда. Дегенмен, талантты балалар дайындықты қазірдің өзінде бастап кетті.

Еске салайық, 2013 жылғы 10 қаңтарда Астанада 2013 жылдың 10-ы мен 16 мамыры аралығында өтетін жас пианистердің Бірінші Халықаралық  "Astana Piano Passion" байқауына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Байқаудың ұйымдастырушылары - Астана қаласы әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры.

Байқауды өткізу фортепиано өнері саласында жаңа таланттарды тауып, қолдауға, Қазақстанның ұлттық фортепиано мектебі дәстүрін нығайтуға, сондай-ақ, түрлі мемлекеттердің ұлттық мектептері арасында шығармашылық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың пікірінше, классикалық фортепиано музыкасын насихаттау тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзінде өскелең жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің рухани маңызды құрамдас бөлігі болуы қажет.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: