Чемпион рухты Зарина

21 Қазан 2022, 16:15 1347

Зарина Примактың қандай арманы бар?

Зарина Примак қол күресінен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында төртінші рет пара-армрестлингтен Әлем чемпионы атанды.

14-23 қазан аралығында Түркияның Анталья қаласында пара-армрестлингтен Әлем чемпионаты байрағын көтерді. Жарысқа әлемнің 56-ы елінің спортшылары қатысты.

Үш жасында поездың астында қалып, екі аяғынан айырылған қайсар рухты Зарина:

– Арманым көп. Соның бірі – армрестлинг Олимпиадалық спорт түрлеріне інгізілсе, спорттың осы түрінен төртжылдықтың басты бәсекесінде топ жарғым келеді, – дейді чемпион.

EL.KZ
Бөлісу: