Чехияда қаралы күн: 24 жастағы студент университетте оқ жаудырды

22 Желтоқсан 2023, 09:33 2830

21 желтоқсан күні кешке Прагада орналасқан Карлов университетінде 24 жастағы студент қарудан оқ жаудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Студент оқу орнына өздігінен оқталатын винтовкамен келіп, аудиториядағы студенттер мен терезе түбінде жүрген адамдарға оқ ата бастайды. Оқиға орнында 14 адам көз жұмып, тағы 25-і жарақат алды. Дәрігерлер 11 адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

Чехия билігі Прага университетінде оқ жарақатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты сенбі, 23 желтоқсанды мемлекеттік қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы   үкімет басшысы Петр Фиала айтты.

Белгілі болғандай, Дэвид Козак Карлов университетіне барар алдында әкесін өлтірген. Жергілікті полиция оның әлеуметтік желіде университетінде теракт жасайтыны туралы жазғанын растады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: