БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтері 13,9 триллион теңгеге дейін өсті

13 Қыркүйек 2022, 15:51 899

Жыл басынан бері зейнетақы активтері 70% пайызға, яғни 919 миллиард теңгеге ұлғайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы активтері өсуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Жыл басынан бері зейнетақы активтері 70% пайызға, яғни 919 миллиард теңгеге ұлғайды. Зейнетақы активтері 2022 жылдың тамыз айының соңында 13,9 триллион теңгені құрады. Сондай-ақ 2022 жылдың басынан бері инвестициялық табыс көлемі 718 миллиард, зейнетақы жарналары 1097,3 миллиард, зейнетақы төлемдері 175,7 миллиард, мерзімінен бұрын алынған қаражат 848,4 миллиард теңге көлемінде болды», - деді Ақылжан Баймағамбетов.

Ұлттық Банктің деректері бойынша, зейнетақы активтерінің табысы соңғы 12 айда 8,6%-ға жеткен. Мұндай көрсеткішке жету ұзақ уақытты алды. Мәселен, жинақталған инфляция 51,4 болған кезде 5 жыл ішінде зейнетақы активтерінің жинақталған табысы 56,8 пайызды құрады.


Ажар Лаубаева
Бөлісу: