Былтырғы Екібастұздағы жағдай қайталанбай ма? Павлодар облысының әкімі жауап берді

12 Шілде 2023, 13:02 1160

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жылу беру маусымына дайындық жұмысы Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандарында жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингтің сұрақ-жауап бөлімінде тілші Асайын Байхановқа «Қыстыгүні Павлодар облысының жайы қандай болады? Былтырғы Екібастұздағы жағдай қайталанбай ма?» деп сұрақ қойды.

Павлодар қаласында үш, Ақсу қаласында бір, Екібастұзда бір жылу беру станциясы бар. Сол 5 жылу беру станциясында толықтай жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Екібастұз қаласының станциясында ғана емес, Ақсу қаласының қазандығына және де Павлодар қаласының 1-3 жылу беру станцияларына күрделі жөндеу жұмыстары жоспар бойынша атқарылуда, - деді әкім.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар Асайын Қуандықұлы облыста 5 жылу станциясынан бөлек 400 қазандық бар екенін атап өтті.

Кестедегі уақыттан тыс қалған ешқандай жұмыс тіркелмеген. Барлық қазандықтағы атқарылуы тиіс жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде. 2023-2024 жылу беру маусымына толықтай дайын болады, - деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: