Былтыр қанша көлік жүргізушісі полицияға пара беріп жаза арқалады

18 Қаңтар, 12:37 881

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев полицияға пара ұсынатын көлік жүргізушілер туралы айтты, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің арасында «Integrity check» деген бағдарлама жұмыс істейді. Бағдарлама аясында былтыр 127 пара беру фактісі анықталды. Пара беру фактісі бойынша бүгінде қылмыстық істер тергеліп жатыр, - деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.

Қайсар Сұлтанбаев брифингте құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік бағытындағы полиция қызметкерлерінің жұмысына тоқталды. 

Миражан Махан
Бөлісу: