Былтыр ел экономикасы 4,8 пайызға өсті – Бектенов

28 Қаңтар, 11:03 191

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Алдымен Үкімет басшысы Олжас Бектенов былтырғы жылды қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Үкімет сіздің сайлауалды тұғырнамаңызда, жолдауларыңызда және басқа да бағдарламалық құжаттарда белгіленген стратегиялық міндеттерді іске асыруды жалғастыруда. Сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту біздің басымдықтарымыз болып қала береді. Депутаттық корпуспен өзара бірлесе отырып, еліміздің одан әрі дамуына бағытталған бірқатар маңызды заң әзірленіп, қабылданды, – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ премьер-министр Үкімет жұмысының 2024 жылғы негізгі нәтижелері мен осы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

Былтыр экономика 4,8 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста 13,1, саудада 9,1, көлік бойынша 8,5 пайызға дейін өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы он жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. Десек те мұнай өндіру көлемі 2 млн 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді. Бұл көбіне еліміздің ОПЕК+шеңберіндегі міндеттемелеріне және ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты, – деді үкімет басшысы өз баяндамасында.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: