БҰҰ миссияларына баратын әскери қызметшілер арасында қанша әйел бар?

19 Қаңтар, 10:28 926
 
Бұл сауалға ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жауап берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.
 
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Айгүл Қаппарова БҰҰ миссиясына қатысты министрге өз сауалын қойды.
Гендерлік мәселелермен айналысатын БҰҰ департаменті елдерді бітімгершілікке қатысты көздейтін бірқатар аргументтерді әзірледі. Олардың ішінде бітімгер әйелдер жергілікті әйелдердің топтарымен жақсы қарым-қатынас орната алады және қауіпсіздікке қатысты барлау деректерін жинауды жақсартады деген дәйектерді келтіреді. Осы орайда БҰҰ бөлімшедегі әйелдер санын 30 пайызға дейін арттыру туралы талап қойды. Осыған байланысты мынадай сұрақтар туындайды. Қазақстан бұл талапты сақтауды өз міндетіне ала ма? БҰҰ миссияларына қатысуға жіберілетін әскери қызметшілер арасында қанша әйелдер бар?, деп сұрады сенатор.
Министр өз сөзінде қазіргі уақытта бір әйел офицер Батыс Сахарада, әскерилерді жіберетін контингентте 7 әйел қызметші барын айтты. Келесі ротацияда әйелдер санын көбейтетінін жеткізді.
Миражан Махан
Бөлісу: