БҰҰ Алматыда Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталық ашу туралы қарар қабылдады

4 Наурыз, 22:18 1021
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі. Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылық білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады, - деп жазды Руслан Желдібай. 

EL.KZ
Бөлісу: