БҰҰ қоршаған орта бағдарламасының соңғы есебінде 2022 жылы 783 млн адам аштық зардабын тартып отырғанын жариялаған. Яғни адамзаттың үштен бірі азық-түлік тапшылығына тап болды. Бірақ сол жылы күніне 1 млрд-тан астам тамақ қалдығы қоқысқа тасталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Азық-түлік қалдықтарының көлемі әлемдік экономикаға үлкен шығын әкеліп қана қоймай, қоршаған ортаның ластануына, сәйкесінше климаттың өзгеруіне де ықпал етіп отыр. Мамандар азық-түлік қалдықтарын азайту әлемдік аштықпен күрестегі маңызды қадамдардың бірі дейді. Біріккен Араб Әмірліктері бұл бағытта бір жобаны жүзеге асыра бастады. Cirka Biotech инновациялық компаниясы тағам қалдықтарын қайта өңдеп, тыңайтқыш әзірлейді.