«Бұрынғыдан өзгерек». Париж Олимпиадасының ашылуы Сена өзенінде өтеді

25 Шілде, 16:23 619

Тарихта алғаш рет жазғы Олимпиаданың  ашылу салтанатында да әлем спортшыларының шеруі стадионда емес, Парижді қақ жарып өтетін Сена өзенінде өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әр ұлттық құрама жеке қайыққа мініп, өзен бойымен шеру жасайды. Көрермендер спортшыларды жақыннан көруі үшін қайықтар камералармен жабдықталады. 10 500 спортшы шығыстан батысқа қарай жүріп, Париждің орталығын кесіп өтеді. Алты шақырымға созылатын шеру Трокадеро алдында аяқталады. Онда ашылу рәсімінің соңғы элементтері мен мерекелік шоулар өтеді. Өзеннің екі жағасына да трибуналар орнатылған.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Жалпы, 93 жолдама бар. Олимпиаданың ашылу салтанаты 27 шілдеге жоспарланған. Париж Олимпиадасының ашылу салтанатын "Хабар", Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly телеарналарынан көруге болады. Тікелей трансляция 26 шілдеде Қазақстан уақытымен 22:15-те басталады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: