Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.
Агенттік мәліметінше, олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда.
Өткен жылдың 13 желтоқсанында Бас прокуратура күдіктілерді сотқа берді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.