Бұрынғы қорғаныс министрінің ісі сотқа жолданды

8 Қараша 2022, 03:34 1033

Құқық қорғау және арнайы органдардың барлығы 29 қызметкері күдікті деп танылды

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Сонымен қатар Талдықорған және Алматы қалаларында тергеудің заңсыз әдістерін қолдану фактісі бойынша сегіз полиция қызметкеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданды.

Құқық қорғау және арнайы органдардың барлығы 29 қызметкері күдікті деп танылды, оның 8-і сотта, 20-сы іс материалдарымен танысу сатысында және біреуі тергеуде", - деді Елдос Қилымжанов.
EL.KZ
Бөлісу: