Бұрынғы ғылым және жоғары білім вице-министрі ректор болып тағайындалды

29 Қаңтар, 21:38 323

Дархан Ахмед-Заки М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры болып тағайындалды.

Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Техникалық университетін бітірген.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
- техника ғылымдарының докторы, профессор

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған.

2003 жылы Жаңаөзен қаласында «Қазақойл» ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді.

2004-2012 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі.

2012-2013 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы.

2013-2016 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректор.

2016-2017 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.

2017-2020 жылдары – Халықаралық бизнес университетінің президенті.

2020 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы қазанға дейін Astana IT University ректоры.

2022 жылғы қарашадан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы.

2023 жылғы қыркүйектен бастап ғылым және жоғары білім вице-министрі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: