Бұрынғы әйелі мен балаларын үйінен қуған экс-әкімнің ағасы ұсталды

14 Шілде, 04:38 11239

Астана полициясы отбасын үйінен қуып шыққан шулы бейнеден кейін тергеу жүргізілгені туралы хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша азаматтың бұрынғы жұбайы А. - ға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылған. Материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар, дене күшін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады полиция.

Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты қызметтік тексеру басталды.

Перизат Саденова
Бөлісу: