Бұрынғы әділет министрін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

29 Қаңтар, 17:53 674

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы сот санкциясы қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 12 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 ақпанға дейін ұзартуға санкция берді, - делінген елорда соты агенттікке берген жауабында.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етілмейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: