Бурабайдағы оқушы өлімі: Оқиғаның қалай болғаны айтылды

6 Мамыр, 20:26 1461

Бурабайға демалысқа барған мектеп оқушысы велосипедпен ағашқа соғылып көз жұмды. Білім мекемесіндегілер оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10 сыныпта оқитын 18 оқушы 5 мамырда сынып жетекшісі мен мектеп мұғалімінің жетекшілік етуімен ата-аналары жалдаған автобуспен Бурабайға барған. Алдын ала болжам бойынша олар велосипед жалға алған. Оқушылардың бірі велосипедті игере алмай, ағашқа соғылған. Сынып жектішісі дереу жедел жәрдем мен полиция шақырған. Алайда алған ауыр жарақатынан оқушы көз жұмды.

Мектеп әкімшілігі бұл саяхатты ата-аналар комитеті мен сынып жетекші ұйымдастырғанын, басшылықпен келісілмегенін атап өтті.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Біз бұған дейін жасөспірім баланың өлімі туралы жазған болатынбыз.

Зарина Арман
Бөлісу: