Бурабайда жүріп келе жатқан көліктің төбесінде билеген әйел жауапкершілікке тартылды

17 Маусым 2023, 09:49 731

Бурабайда астаналық тұрғын жүріп келе жатқан көліктің төбесіне шыққаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ-нің мәліметінше, Бурабай курортының аумағында қозғалып келе жатқан көліктің ашық люгіндегі қыз жүргізушілердің ызасын тудырған. Жол қозғалысы ережелерін екі рет бұзған елордалық ханымды ақмола полицейлері жауапкершілікке тартты.

Instagram әлеуметтік желісіндегі полиция департаментінің ресми парақшасына бұзушылықпен бейнені азаматтық ұстанымы бар жүргізуші жіберген. Бейнетіркегіш алда келе жатқан "Chery Tiggo" маркалы автокөліктің шатырындағы люктен жолаушы басын сұққанын тіркеген.

Бейнежаpбаға патрульдік полиция қызметкерлері бірден әрекет етті. Автокөліктің иесін анықтағаннан кейін, сол күні құқық қорғау органдары құқық 19 жастағы занымға ҚР ӘҚБтК 593-бабы бойынша қауіпсіздік белдіктерін тақпағандары үшін екі әкімшілік хаттама толтырды.

Асқар Таудай
Бөлісу: