Бүгін Бурабайда IV Ұлттық құрылтай басталды. Екі күнге жалғасатын жиында құрылтай мүшелері ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелерді талқыға салады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараның бірінші күнінде өтетін секциялардың тақырыптары:
- Азаматтық қоғам;
- Мәдениет. Өнер. Руханият;
- Білім және ғылым;
- Әлеуметтік-экономикалық даму.
Назарларыңызға бүгінгі секциялық отырыстан фоторепортаж ұсынамыз.
Еске сала кетейік, 14 наурыз күні Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді.
Ұлттық құрылтай – мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты нығайтуға, ұлттық бірлікті сақтауға және ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға бағытталған бірегей институт. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған бұл алаң алғашқы отырысын Ұлытауда, екіншісін Түркістанда, ал үшіншісін 2024 жылы Атырауда өткізді.