Бурабайда тауға шыққан зейнеткер әйел құтқарылды

4 Тамыз, 21:10 731

Бурабай ауданында тауға шыққан петропавлдық тұрғын құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Зейнеткер әйел Көкшетау тауына шыққан. Алайда ол аяғының жарақатына байланысты өздігінен төменге түсе алмаған.

Құтқарушылар зейнеткерге көмекке келіп, оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Ақмола облысының ТЖД таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.

Зарина Арман
Бөлісу: