Бурабайда судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға айыппұл салынды

1 Шілде, 02:00 605

ТЖМ қызметкерлері Бурабай көлінде түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзған адамдарға ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша айыппұл салынды.

Сонымен қатар рейдтер жүргізу кезінде шомылушыларды анықтау үшін тепловизоры бар ҰҰА және хабарлау үшін дауыс зорайтқыш қолданылады.

ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.

Зарина Арман
Бөлісу: