Бурабайда өрт кезінде 106 адам қауіпсіз жерге шығарылды

6 Тамыз 2023, 13:22 1009

Ақмола облысының Бурабай кентінде 106 адам құтқарылып эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін күндізгі сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелерінің келуімен 3 қабатты "Алматы" қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды.

Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралармен өрт сағат 12:35-те оқшауланды, - деп жазылған ТЖМ-нің ресми хабарламасында. 

Төтенше жағдай министрлігі ел азаматтарын өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырып, өрт туындаған кезде дүрбелеңге түспеуді ескертеді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: