Бурабайда казино заңгері пара бергені үшін сотталды

5 Мамыр 2023, 15:20 1420

Ақмола облысының Бурабай ауданында Казиноның заңгері пара бергені үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 2 мамырда Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері қомақты мөлшерде пара бергені үшін сотталды. Оған жиырма еселенген мөлшерде айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрады.

«Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметіне тексеру нәтижелері бойынша оң шешім шығарғаны үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара беруде кінәлі деп танылды.

Сотталған тұлға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген мәліметте.

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: