Бұқтырма су қоймасында 4 балықшы құтқарылды

30 Қыркүйек, 00:31 317

ШҚО құтқарушылары жағалаудан алыс кетіп қалған балықшыларға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, Бұқтырма су қоймасының «Қаракөл» шығанағында 4 балықшы құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Белгілі болғандай, қозғалтқыштың ақаулығына байланысты олар жағаға жете алмаған.

ТЖМ қызметкерлері оларды жағаға аман-есен жеткізді. Балықшылар медициналық көмекке мұқтаж емес, - делінген ведомство хабарласында.

ТЖМ судағы қауіпсіздік сақтау үшін бірнеше кеңес ұсынады:

Қайықта құтқару күртешесін кию;
Қатты жел кезінде суға шықпау;
Сапар алдында жүзу құралының жарамдылығын тексеру қажет.

Перизат Саденова
Бөлісу: