Бұл сайлау жаңа нарықтың пайда болуына түрткі болды - Нұрбек Матжани

20 Наурыз 2023, 15:56 1747

Қазақстандық қоғамдық даму институты ғылым бағытындағы сарапшылармен саяси жаңғырудың қортындыларына талқылау жасады, деп деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сессия барысында саяси бәсекеден кейін Парламент Мәжілісіне қол жеткізе алатын партиялардың сайлауға дейінгі және кейінгі жұмыстары талқыланды.

Бұл сайлау жаңа нарықтың, индустрияның пайда болуына түрткі болды. Саяси бәсеке еркін ағымға ауысты. Сайлау құқығы кеңейтілген науқан кезеңі ерекше өтті. Сайлау басталды деген күннен бастап әлеуметтік желілерді толық білетін және сауатты мәтін жазатын мамандар сұранысқа ие болды. Стратегиялар қабылданып, сайлау алды үгіт-насихат жүргізілді. Десек те кандидаттар мен партиялардың кейбірі бағдарламаларын насихаттау барысы толық жүзеге асырылмады. Дебат кезінде де түсініспеушіліктер туындап, форматы өзгеріске ұшырап жатты. Спикерлер толық дайын болмады, - деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының төрағасы Нұрбек Матжани.

Спикерлер сайлау алды ұйымдастырылған дебат кезеңіндегі орын алған тартысты сынға алды.

Әр дебаттың форматы әртүрлі болды. Алғашқы дебатта келеңсіз жағдайлар орын алып, уақытын босқа өткізіп алған кандидаттар болды. Екіншісінде партиялар спикер таңдауға акцент қойғандары байқалды. Соңғы шешуші дебатта сөздерінде дайындаған спикерлер халыққа ойларын нақты жеткізе білді. Сонымен қатар кандидаттардың көптігінен халықтық шатасуы қалыпты құбылыс, -  деді ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің басшысы.

Сарапшылар сайлау нәтижесіне әлі де түбегейлі баға беру ерте, Парламент қабырғасына енетін жаңашылдықтардан кейін ғана ашық талқылау жасау керек деп қорытындылады.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: