«Бұл нағыз сандырақ». Бишімбаевтың сөздерінен соң Баталов мәлімдеме жасады

23 Сәуір, 16:14 9159

«Атамекен» ҰКП басшысы Райымбек Баталов Қуандық Бишімбаевтың сөздерінен соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баталов сот процесіне қатысты пікір білдіргісі келмегенін, бірақ өзіне қатысты түрлі айыптаулардан соң әрі қарай шыдай алмағанын айтады.

Бишімбаевтың сот процесіне қатысты соңына дейін пікір білдіргім келген жоқ. Бірақ менің ар-намысыма нұқсан келтіретін, атымды қаралайтын толассыз сөздерден соң шыдап отыра алмадым.

Сұмдық қылмыс жасаған адамның менің тарапыма айтқан сөздері – нағыз сандырақ. Мұның бәрі жалған. Өтірікке сенбеуге шақырамын. БАҚ өкілдері мен блогерлерді жалған ақпарат таратпауға шақырамын.

Онсыз да қайғыдан қан жұтып отырған Салтанаттың туыстарының қызының намысын қорғауға мәжбүр болғаны өте өкінішті. Бұл сұмдық жайт. Нүкеновтер отбасына көңіл айтамын, - деді Баталов.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: