Мәжіліс депутаттары және заңгерлердің қатысуымен өткен көшпелі отырыста республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев мемлекет кепілдік берген заң көмегі дұрыс жұмыс істемейтінін тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кейбір қолданыстағы нормалар толық көлемде қолданылмайды. Өздеріңіз білесіздер, жаңадан қылмыстық-процестік кодекстің жобасы әзірленді. Соның аясында біз әділет министрлігімен бірлесіп үш ай уақыт тығыз жұмыс істедік. Бір ұсыныс ескеріліп, енді бірі кодекске кірмей қалды. Кейбір нормалар ойымыздан шықпай отыр. Бұл бізге кедергі жасайды, - деді Айдын Бикебаев.
Сондай-ақ ол жұмыс тобына он шақты адвокат кіргенін, солармен бірге тығыз жұмыс істеп, ресми жобаға кірмеген ұсыныстарды қайта қарауын сұрады.
Екінші мәселе іс жүзінде қорғаушылар кәсіби қызметінде үнемі кедергіге тап болады. Ол үшін жауапкершілікке тарту кепілдіктері дұрыс емес. Адвокаттық қызметке кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершіліктің қолданыстағы нормасы жұмыс істемейді. Адвокаттың құқығы бұзылғанда 30 жылдық тарихта бірде-бір қылмыстық жауапқа тарту оқиғасы болған емес , – дейді адвокат.
Сол үшін төраға бұл бағытты қайта бекітуге ұсыныс білдірді. Мұндай оқиғалар жиі қайталана беретінін алға тартты. Сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметкерлердің адвокат қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік жоқ екенін айтты.
Біздің әкімшілік кодексте жауапкершілік жоқ. Тағы бір мәселе кадр мәселесі. Халықаралық адвокаттар қауымдастығының стандарттарына сай болу үшін адвокаттар жаңа бедел иесі болуы керек. Бізде бұл жоқ. Бірқатар тұлғалар аттестациядан босатылған. Осының бәрі кадрлар сапасына әсер етеді. Бұл да бір шешуі керек мәселе. Бұдан бөлек мемлекет кепілдік берген заң көмегінің пакетінің бәрі дұрыс жұмыс істемейді, – деді ол.
Яғни, төлем мөлшері өте төмен көрінеді. Мәселен «Amanat» партиясы осыдан үш жарым жыл бұрын өзінің бағдарламасында мемлекет кепілдік берген заң көмегін екі есе ұлғайтуды қарастырған. Осы уақыт аралығында тарифтердің өсуі болмағанын айтты.
Бағдарлама өз мақсатына жеткен жоқ. Тарифтерді өзгерту бойынша жұмыс шешілмей жатыр. Бұл дұрыс емес. Біздің есептеуіміз бойынша адвокат айына 80 мың теңге алады. Қауып-қатерге толы жұмыста осындай сома аздық етеді. Осы мәселенің шешілуін күтіп отырмыз. Әділет министрлігімен бірлесіп, ереже дайындалды. Жауабын күтіп отырмыз, – дейді Бикебаев.
Сондай-ақ отырыста ол адвокаттарға салық салуға қатысты мәселені қозғады. Айтуынша, адвокат жеке кәсіпкер сияқты жоғары тәуекелдік қызмет атқарады. Егер адвокаттың кәсібі төмен және танымал болмаса оның қызметтері талап етілмейді. Сол себепті олар жақсы табыс таба алмайтынын айтты.
Жеке кәсіпкерлермен салыстырсақ, адвокаттың міндетті түрде кеңсесі болу керек. Ай сайын өз алқасына жарнама төлеу қажет. Адвокаттың басқа жұмыспен айналысуына заңмен тыйым салынған. Бүгінгі күні олардың жеке табысының салығы 10 пайыз болып отыр. Адвокаттарға неліктен осындай көп мөлшерде әділетсіздік тұрғысынан салық салынып жатқанын түсіне алмай отырмыз, – деді отырыста республикалық адвокаттар алқасының төрағасы.