Букмекерлік кеңсені жарнамалаған блогер дарға асу жазасына кесілді

27 Шілде 2023, 13:00 1902

Иранда танымал блогер дарға асу жазасына кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Инстаграмда 959 мың жазылушысы бар Милад Хатамиге мұндай ауыр жазаның тағайындалуына оның букмекерлік кеңсені жарнамалағаны себеп.

2021 жылға дейін Хатами Түркияда жасырынып келген. Алайда Интерполдың өтінішімен Иранға қайтарылған.

Ал оның Инстаграмдағы парақшасы «Қылмыстық мазмұндағы жарияланым үшін» бұғатталыпты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: