«Бүкіл қала іздеді»: Семейде жоғалған 13 жасар қыз табылды

24 Ақпан, 02:03 2869

Семейде жоғалған 13 жасар қыз аман-емен табылды. Жасөспірім 23 ақпан күні таңғы уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 9 сынып оқушысын тәртіп сақшылары, қыз оқитын мектеп мұғалімдері, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар бүкіл қаланы шарлап іздеген.   

Іздеу жұмыстары ойын-сауық орындарымен қатар қараусыз қалған ғимараттарда да жүргізілген. Полицейлер оқушыны "Қазына" сауда үйінен тапты.

Ол орталық полиция бөліміне жеткізіліп, мамандар онымен әңгіме жүргізілуде. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылады.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: