Бүгіннен бастап Қазақстанда болатын өзгерістер

1 Сәуір, 09:35 5839

Бүгіннен бастап елімізде бірқатар жаңа ережелер мен өзгерістер күшіне енеді. Олардың ішінде білім беру, көлік, салық, еңбек және қаржы салаларындағы маңызды жаңалықтар бар, деп деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сәуір айында елімізде салық төлемдері, көлік тіркеу, еңбек, білім беру және қаржы саласында елеулі өзгерістер болады. Бұл жаңашылдықтар азаматтардың қауіпсіздігі мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Оқушылардың төртінші тоқсаны басталады

1 сәуірде мектеп оқушыларының IV тоқсаны басталады. Олар 8 апта білім алып, 25 мамырда оқу жылын аяқтайды.

Көлік салығын төлемегендерге айыппұл салынады

2024 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі – 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін.

Салық мөлшері 2024 жылғы айлық есептік көрсеткішке (АЕК) – 3 692 теңгеге негізделіп есептеледі.
1 сәуірден бастап салық төлемегендерге өсімпұл қосылады.
Егер қарыз 1 АЕК-тен асса, салықтық бұйрық шығарылады, ал төлем жасалмаса, сот орындаушылары мүлікті бұғаттауы мүмкін.

Мопедтерді тіркеу міндеттеледі

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми көлік құралы болып саналады.
Оларды жүргізу үшін қажет:

Тіркелмеген мопедтерді жүргізуге тыйым салынады.

Сәуірде қанша күн демаламыз?

Бұл айда мемлекеттік мерекелер жоқ, демалыс күндері тек сенбі және жексенбіге сәйкес келеді.
5 күн жұмыс істейтіндер үшін 8 күн, ал 6 күн жұмыс істейтіндер үшін 4 күн демалыс болады.

Маңызды күндер:

1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

1 сәуірден 31 тамызға дейін 1-сыныпқа құжат тапсыруға болады.
Құжаттарды Egov.kz арқылы немесе қағаз түрінде өткізуге болады.
Балалар 6 жастан бастап мектепке қабылданады.

Еңбекке жарамсыздық парағы цифрлық форматқа көшеді

2025 жылдың 1 сәуірінен бастап еңбекке жарамсыздық парақтары тек электронды түрде беріледі.

Бұл өзгеріс азаматтар мен медициналық мекемелер арасындағы өзара байланысты жеңілдетіп, құжаттардың жасандылығын болдырмауға көмектеседі.

Электр тарифі қымбаттауы мүмкін

Ақтөбе облысында электр энергиясының бағасы 34,64 теңгеден 46 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.
Егер айына 172 кВт электр энергиясы жұмсалса, төлем 1 225 теңгеге артады.

Орташа жылдамдықты есептеу жүйесі енгізіледі

Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында көліктің орташа жылдамдығын есептеу жүйесі енгізіледі.

Жүйе жолдың басы мен соңында орнатылған камералар арқылы көліктің жүрген уақытын тіркеп, орташа жылдамдықты анықтайды.

Белгіленген шектен асып кеткен жағдайда айыппұл салынады.

Электросамокат қозғалысы реттеледі

Жергілікті билікке электросамокат қозғалысын реттеу құзыреті беріледі.
Электросамокатпен велосипед жолымен, жол жиегімен және қоғамдық көлік жолағымен жүруге рұқсат етіледі.

Онлайн кредит алу ережелері өзгереді

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн кредит алу үшін биометриялық верификация талап етіледі.

Қарыз алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы келісімге қол қою міндетті болады.

Ауыл шаруашылығы санағы өтеді

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі.

Бұл саладағы өзекті мәліметтерді жаңартып, талдау жасауға мүмкіндік береді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: