Бүгіннен бастап Алматыдағы ботаникалық баққа кіру билетінің бағасы өзгереді

Бүгiн, 07:34 222

Алматыдағы ботаникалық бақ әкімшілігі демалыс орнына кіру билетінің бағасы өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді ботаникалық баққа бару ересектерге - 900 теңге, студенттерге - 720 теңге, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін 450 теңге болмақ.

2024 жылдың 9 қазаннан бастап қызметтерге тарифтердің өзгергені туралы хабарлаймыз. Келушілерге ыңғайлы болу үшін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен келісе отырып, жаңа тарифтерде ботаникалық бақ аумағындағы барлық бағалар тиынсыз болады,-делінген ботаникалық бақтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Зарина Арман
Бөлісу: