Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды

8 Наурыз, 09:22 416

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 492-499 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің 8 наурызға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 494,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,58 теңге. Еуро – 537,40 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 495 теңгеден сатылып жатыр. Ал сатып алу бағамы – 492 теңге. Еуро 532-537 теңге аралығында құбылып тұр.

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 499 теңге, сатып алу құны – 492 теңге. Еуро 536 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: