Бүгінгі күннің валюта бағамы

4 Қараша 2022, 09:57 1817

Ұлттық банктің 4 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 463, 60 теңге

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 466- 471 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 466,5 – 469,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 467– 471 теңге аралығында құбылып тұр.

3 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,23 теңгеге қымбаттап, 463, 87 теңге болған.

Ұлттық банктің 4 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 463, 60 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 7,47 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,15 – 7, 35 теңге аралығында саудаланып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: