"Бүгінде жоқтың қасы болды ғой". Нұрлан имам идеал отбасы қандай болатынын айтты

13 Қазан 2023, 11:00 1376

Танымал имам Нұрлан Байжі­гіт­ұлы идеал отбасының қандай болатынын айтып, пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Имамның айтуынша, бүгінгі таңда идеал отбасы болуға ұмтылатындардың қатары азайған.

Идеал отбасы бүгінде жоқтың қасы болды ғой. Десе де, әйтеуір, талпынамыз. Әркімнің идеалы әр түрлі. Кейде сөзі іспен, ісі сөзге ұласпай жатқан отбасы көп. Менің түсінігімдегі идеал отбасыға жақын отбасы - әрқайсысы өз орнын білген отбасы. Ері - ер, әйелі - әйел, перзенті - перзент деңгейінде болған, тарихын ұмытпаған, бүгінгі күнін бағдарлай, келешегін болжалдай білген отбасы, - деді Нұрлан Байжігітұлы "1001 түн" бағдарламасында.

Айта кетейік, біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде танымал имам, дін­тану­шы Нұрлан Байжі­гіт­ұлының жеке үйі жоғы жайлы ақпарат тараған болатын. Жақында имам пәтер алып, үйіне тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы құттықтап барды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: