21-22 желтоқсаның арасын Карачун (Қаратүн) дейді. Бұл - жылдың ең ұзақ түні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Асқар Омаровтың желі парақшасында жазуынша, Карачун дегенді "қара" (ұзын, күшті) түн немесе "қара шың" деп түсінуге болады. Қазақ оны "Нартуған" деп атайды.
Бұл - көне ғұндардан қалған көне дәстүрдің бірі. Ішінде мистика мен сакрализация бар.
Бұл түнде адамдар далада от жағатын, жерді жылытатын. Солай ең ұзын түні қысқартатын. Оттың қасында бақсылар және елтілер келе жатқан қыста аман қалсын деп халықты аластайды. Жалпы бұл салт үлкен Еуразия дәстүріне айналды. Мысалы, славяндар "карачун" деп өлімді атайды. Ресей сардары Суворовтын бір сөзі бар: "Үшеу саған шабуыл жасаса, біріншісін пышақта, екіншіні атып таста, үшіншіге - карачун!"
Кәзіргі кезде Карачунды мажарлар Карачон дейді. Карачун салты болгарларда да сақталған.
Бүгінгі түнде де кішігірім от жағып, әруақтарға тағзым етіп, Карачун (Нартуған) атап өтуге болады. Бірақ қауіпсіздік ережесін сақтауды ұмытпаңыз. Қыс жеңіл болсын!,-деп жазды Асқар Омаров.
Айта кетсек, бұл түні жер шары өз осінен айналған кезде күннен мейлінше алыстайды