Бүгін журналист, қоғам қайраткері Елеусіз Бұйриннің туғанына — 150 жыл

10 Тамыз, 11:00 442

Бүгін алғашқы қазақ журналистерінің бірі, ақын, қоғам қайраткері Елеусіз Бұйриннің туғанына — 150 жыл, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Елеусіз Бұйрин Қазан қаласына оқуға барып, сондағы мұғалімдер семинариясын бітірген. Кейін Астрахан қаласындағы  мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді.

Қаламгер Ш.Бөкеев, Ғ.Қарашев, Б.Қаратаев, М.Шомбалов, С.Меңдешовтермен бірігіп, 1911 ж. Ордада «Қазақстан» деген газет шығарды. Ол «Қазақстан» сөзін тұңғыш рет ресми тілге енгізді.

Елеусіз Бұйриннің артында қалған әдеби мұрасы — өзі шығарып тұрған «Қазақстан» газетіндегі мақалалары мен көсемсөздері және «Ызың» атты өлеңдер жинағы. Бұйрин жинаққа «Әу, қазақ!», «Азаматқа» деген екі өлеңі мен аудармасына қоса, «Қазақстан» газетінде жарияланған М.Жұмабаев, А.Мәметов, Ғ.Малдыбаев, И.Исин, т.б. ақындар өлеңдерін топтастырып берген. 

Жинаққа қойылған символикалық «Ызың» атауынан көрініп тұрғандай, кітаптағы өлеңдердің негізгі идеясы — елді еңбекке, өнерге үндеу, елдікке, бірлікке шақыру, халық қамын ойлау, ұйымшылдықты мұрат ету болды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: