Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті күні

13 Шілде 2023, 10:39 1346

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1992 жылы 13 шілде күні Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-нің облыстар бойынша, республикалық маңыздағы қала мен елордадағы аймақтық органдары, оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери контрбарлау, ҰҚК-нің «Барлау» қызметі, ҰҚК-нің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.

Оқи отырыңыз:

Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, мемлекеттік шекарасын күзетуге, үкіметтік байланыс қызметіне және «А» арнаулы мақсаттағы қызметіне басшылықты, оның құзыретіне жататын қызмет салаларында ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган саналады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: