Бүгін шымкенттіктерге заңгерлер тегін қызмет көрсетеді

30 Шілде, 08:45 398

Бүгін 30 шілдеде Шымкентте "Халық заңгері" акциясы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Акция мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық  және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, заңгерлер, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

Әкімдіктің мәліметінше, қала басшысының тапсырмасына сәйкес құқықтық көмек беруге бағытталған шара Арбат аймағында (Бейбітшілік көшесі 4-6) сағат 17.00-де басталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: