Бүгін республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

15 Қараша 2023, 00:27 561

Қазгидромет 15 қараша, сәрсенбі күні елімізде ауа райы қандай болатынын жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында және солтүстік-батысында жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ, синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, жел күшейетінін мәлімдеді.

Берік Арманов
Бөлісу: