Бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтеді

19 Наурыз 2023, 06:39 856

19 наурыз күні Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де дауыс санауды, дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасауды бастайды.

Уақыт белдеуіне байланысты кейбір шет мемлекеттерде дауыс беру бізден ерте басталады. Қазақстандықтар өмір сүретін Еуропа, Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Қытай, Корея, Үндістан сынды бірқатар мемлекетте 77 дауыс беру учаскесі ашылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

EL.KZ
Бөлісу: