Бүгін — Мұхтар Әуезовтың туған күні

Бүгiн, 09:25 97

Бүгін — қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі Мұхтар Әуезовтың туған күні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаламгер проза мен драматургия жанрында келелі туындылар жазып, қазақ әдебиетінің классигіне айналды.

Әуезов халық аңызы бойынша «Еңлік–Кебек» пьесасын жазды. Бұл шығарма қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Кейін «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты.

Бұдан бөлек 1923–1926 жылдары «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімелерін жазды.

Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бой «Абай жолы» 4 томдық даңқты тарихи роман эпопеясын жазды. Бұл кітабы 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Роман 30 тілге аударылып, оқырмандардың ықыласына бөленді.

Заңғар жазушы әдебиет саласына сіңірген еңбегі үшін 1957 жылы Ленин орденімен марапатталды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: