Бүгін елімізде мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл кәсіби мереке ретінде 2013 жылдан бері аталып келеді. Атаулы күн шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі және әрбір мәдениет қызметкері үшін аса ерекше.
Мәдениет пен өнер саласындағы мәртебелі мамандық иелерінің атқарар жұмысы, халық назарына ұсынар жаңалығы да мол. Мәдениет пен өнер – өмірдің ажырамас бөлігі, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі.