Бүгін күйші Мұхит Мерәліұлының туған күні

7 Қыркүйек, 09:43 462

Бүгін композитор, әнші, күйші Мұхит Мерәліұлының туған күні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұхит Мерәліұлы ел ішіндегі той-жиындарда, жәрмеңкелерде домбыра тартып, «әнші Мұхит», «сал Мұхит» атанды.

«Паң көйлек», «Қыпшақ», «Дөң асқан», «Кербез» әндері сазгердің әншілік өнерінің сан-қырлы жаратылысын, табиғатын ашты.

Қазақстан композиторлары әншінің туындыларын өздерінің шығармашылығында кеңінен пайдаланды. Атап айтқанда, «Алуаш» әні Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», ал «Дүние-ай» әні «Ер Тарғын» операларында шырқалды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: