Бүгін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жұдырықтасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек «Qazaq Style» Әлімханұлы (15-0, 10КО) кәсіпқой рингтегі 16 жекпе-жегін жаңа зеландиялық Андрей «Renegade» Михайловичке (20-0, 12КО) қарсы өткізеді. Жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтеді.
Жекпе-жек барысында Жәнібек орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғайтын болады.
Бұл жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болған. Алайда қазақстандық боксшы ауруханаға түсіп, кейінге қалдырылғаны белгілі. Осы жолы Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Оның салмағы салмағы – 72,54 келі, ал Андрей Михайловичтің салмағы – 72,38 келі. Шекті салмақ – 72,6 келі.
Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 14:00-де көрсетіледі.