18 мамыр — әртүрлі мәдениет пен халықтар мұрасын қастерлеп, оны көпшілікке қолжетімді ететін музей мамандарының жыл сайын тойлайтын мерекесі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық музейлер күні 1978 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен жарияланды. Жыл сайын 150-ден астам елде атап өтіледі.
Бұл күні музейде ашық есік күні өтеді. Келушілер барлық көрме мен экспозицияны тамашалай алады. Қазақстанда 150-ге жуық музей бар, онда 10 мыңға жуық адам еңбек етеді.
Еліміздің мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүрлерін қастерлейтін қадірлі жандарды мерекемен құттықтаймыз! Сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіз біздің қоғам үшін өте маңызды! Сіздер болашақ ұрпақ үшін еліміздің жарқын әрі бірегей тарихыннан сыр шертетін ең құнды байлықты сақтап, еселі еңбек етіп келесіздер,-делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.