Бүгін – халықаралық балаларды қорғау күні

1 Маусым, 07:35 1239

Бүгін 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні. Қазақстанда 18 жасқа дейінгі бала саны 6,9 млн-ға жуық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған мереке 1949 жылы қарашада Парижде өткен Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітіліп, ағаш рет 1950 жылы атап өтілді. Негізгі халықаралық шарт – 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция.

Қазақстанда айтулы датаға орай еліміздің барлық өңірінде түрлі мерекелік іс-шаралар мен спорттық сайыстар тұрақты түрде өткізіліп келеді. 

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 18 жасқа дейінгі балалар саны - 6 841 527. Оның ішінде 3,5 млн – ұл, 3,3 млн – қыз бала. Балалардың 59,7% қалалық жерде тұрады.

Халықтың жалпы санында 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 34,1% құрайды. Өңірлер арасында халық санындағы балалардың ең жоғары үлес салмағы Түркістан облысында 18 жасқа дейінгі балалар жалпы өңірде тұратын халықтың халықтың 43,3%-ын құрайды. Одан кейін Маңғыстау облысы (41,9%) және Шымкент қаласы (40,6%).

Өңірлер бөлінісіндегі 18 жасқа дейінгі балалар саны:
Абай обл. – 188 321;
Ақмола обл. – 223 493;
Ақтөбе обл. – 330 877;
Алматы обл. – 556 114;
Атырау обл. – 274 688;
БҚО – 217 427;
Жамбыл обл. – 465 492;
Жетісу обл. – 245 056;
Қарағанды обл. – 317 101;
Қостанай обл. – 206 584;
Қызылорда обл. – 335 399;
Маңғыстау обл. – 329 613;
Павлодар обл. – 205 030;
СҚО – 126 424;
Түркістан обл. – 927 107;
Ұлытау обл. – 75 506;
ШҚО – 182 714;
Астана – 472 070;
Алматы – 665 430;
Шымкент – 497 081. 

Перизат Саденова
Бөлісу: